Шымкентте ер адам 4-қабаттан құлап кетті

36

Оқыс оқиға 23 мамырға қараған түні болған. Павлов  көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатының терезесінен 33 жастағы ер адам құлап кеткен. Ол көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Азамат мұндай шарасыз қадамға не себептен барғаны белгісіз.

Іс қазіргі уақытта тексеріліп жатыр. Оқиға орнын полицейлер тексеруде. Әзірге ер адамның жағдайы белгісіз. Бұл өз-өзіне қол жұмсау әрекеті ме, әлде жазатайым оқиға ма, ол жағы әлі белгісіз.