Шымкентте Қазақстан сән апталығы өтті

209

Шымкентте Kazakhstan Fashion Week-тің алтыншы маусымы өтті. Онда дәстүрге айналған той көйлегі, балалар киімі мен жастарға арналған кежуал стиліндегі киімдер таныстырылды. Шараға қатысқан 20-ға тарта сәнгер өз киім үлгісімен халықты таңғалдырды. 

Шымкентте Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының алтыншы маусымы өтті. Керемет кешті «Аруназ» брендінің ерекше киім топтамасы ашты. Негізі қаланғанына 9 жыл болған сән үйі бүгін жастарға арналған бірегей киім үлгілерін алып келген.

Назым Қырпықова, «Аруназ” сән үйінің негізін қалаушы: «Париж, Милан, Баку, Берлинде өз сән апталығымызды өткізгенбіз. Сонымен қатар, Қазақстанда да сән апталығынан қалған емеспіз. Бүгін біз жастарға арналған көше стиліндегі кимідерді алып келдік»

Апталықта 20-ға жуық сәнгер өз туындыларын ұсынды. Оның ішінде әлемге белгілі дизайнерлер де бар. Ал ұйымдастырушылар шымкенттік жас мамандарды қолдау мақсатында бұл маусымда жастарға басымдық бердік дейді.


Ботагөз Алдоңғарова, Kazakhstan Fashion Week-тің арқарушы директоры: «Біздің дизайнерлер сән апталықтарынан ерекше әсер алады. Байқасаңыздар әр өңірдің өзіндік ерекшелігі бар. Сол сияқты киім үлгісін жасауда да сәнгерлер бір бірінен ерекшеленіп тұрады. Біздің апталыққа қатысатын мамандарды тек елімізде ғана емес, шетелде де танымал. Қазақстан шетелдік сәнгерлерге ерекше және қызықты нарық болып саналады. Сондықтан жас сәнгердерді де осы жобамыз арқылы қолдап жатырмыз»

Kazakhstan Fashion Week-ті жастарды қолдау алаңы деп атауға негіз бар. Себебі осы жобада өнер көрсеткен жас сәнгер Дильшода Дилмұратқызы халықаралық сән әлемі сайысына жолдама алып, жүлдемен оралған. Алдағы уақытта шебер қолды дизайнер басқа да әлемдік додаларда бақ сынап көрмек.