Шымкентте қуыршақ театры орталық саябақта: Бірлік күнінде балаларға базарлық

97

Балаларға базарлық. Шымкентте мереке қарсаңында қуыршақ театрының әртістері қойылым сахналады. Мақсаты-балаларды ізгілікке тәрбиелеп, бірлікке шақыру. Ал, арбат демалыс алаңында мегаполис тұрғындары үшін қолөнершілер жәрмеңке ұйымдастырды. Қала саябақтарында өткен мерекелік бағдарламалар халықтың да көңілінен шқты.

Шымкент қалалық қуыршақ театры бірлік мерекесіне орай балаларға арнап қойылым сахналады. Орталық саябақта мерекелік атмосфера тудырған өнер иелері бұл жолы кішкентай көрермендерін Абай Ділданың «Туған күн» атты туындысымен қуантты.

Жарас Исмаил, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының әртісі: «Оқиға желісі бір қонжықтың кішігірім қонжықтың туған күтіп аталып өту ретінде болады. Балаларға керемет әсер қалдырады. Мен балаларды қатты жақсы көремін. Сондықтан олармен жұмыс істеген ұнайды».

Бұл қойылымның режиссері Олжас Уалихан. Екі жыл бұрын қалалық қуыршақ және жәсөспірімдер театрының сахнасында қойылған. Содан бері балалардың көңілінен шығып, сұранысқа ие болып келеді. Сондықтан театр мамандары бірлік мейрамы қарсаңында осы қойылымды ұсынып отыр.

Еркебұлан Құттыбаев, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының директор орынбасары: «Мейрам құтты болсын. Біздің бүгінгі сахналап жатқан қойылымдарымыз да балаларды бірлікке, достыққа шақырады. Тәрбиелік маңызы мол. Рухани азық береді».

Ал, Арбат демалыс алаңында қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шеберлер мейрамға байланысты қолдан жасаған әр түрлі бұйымдарын шымкенттіктерге қолжетімді бағада ұсынды. Мәселен, Гүлнар Боранбаева бүгінгі шараға қазақы әшекейлерін әкеліпті. Ол 7 жылдан бері ұлттық құндылығымыздың трендке айналуына үлес қосып келеді.

Гүлнар Боранбаева, қолөнерші: «Маған қазіргі қыздардың қызығушылығы қатты ұнайды. Көбі осындай сырғаларды күнделікті өмірде тағып жүр. Өте әдемі. Ал өзім осыны бар махаббатыммен жасаймын. Барлығын мейраммен құттықтаймын. Бұл мейрам біз кішкентай кезден келе жатқан мейрам. Мен осындай елде тұрып жатқаныма өте бақыттымын».

Мерекелік көңіл-күйде жүрген қала тұрғындары ізгі тілектерін арнады. Көбі бірлік мейрамын бала күнгі ыстық естеліктерімен еске алады екен.

Жалпы шымкенттіктердің басым бөлігі мейрамды отбасымен бірге тойлап жүр. Балаларын алып саябақ аралап жүрген жанұялар көп. Сәйкесінше, мегаполистегі саябақтарда мерекелік шаралар мен концерттер көптеп ұйымдастырылған.

Мөлдір Ибадуллаева