Тұран ауданы Бірлік мерекесін атап өтті

56

Шымкент қаласы, Тұран ауданында балабақшалар өзара бақ сынасты. 1 мамыр-бірлік мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға 10 жекеменшік балабақша бүлдіршіндері қатысты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлық, ал тәрбиешілеріне алғыс хат табыс етілді.

Жақында құрылған Тұран ауданы бірлік мерекесін ерекше атап өтті. Әкімдік Абай саябағында балабақшалар арасында сурет байқауын ұйымдастырды. Кішкентай бүлдіршіндер бар ықыласымен сайысқа қатысып, мерекелік көңіл-күйде жүр. Тәрбиешілеріңнің айтуынша, жарыс аса қиындық тудырмаған. Себебі балабақшалардың көбінде арнайы сурет үйірмелері бар, яғни балалардың қолы жаттығып қалған дейді.

Таңшолпан Сағатбекқызы, балабақша меңгерушісі: «Тұран ауданымен бірге ұйымдастырылып жатқан ашық аспан астында балалардың сурет салуы. Біздің компазиция «Бақытты балалық шақ» деп аталады. Жалпы балабақшадан 5 бүлдіршін қатысты».

Дина Бекқұлиева, Тұран ауданы бойынша балалабақша кураторы: «Бүгін біз Тұран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен балабақшалар арасында конкурс өткізіп жатырмыз. Олар бүгінгі мейрамға орай өздерінің жасаған бұйымдарын әкеліп, өнерлерін көрсетуде. Шараның мақсаты-балаларды бірлікке тәрбиелеп, мейрамның маңыздылығын түсіндіру».

5 баладан құралған команда бірлесіп, балабақша намысын қорғады. Ұйымдастырушылардың сөзінше мұның өзі балаларды кішкентай кезінен бірлікке тәрбиелеу дейді.

Жалпы мерекелік сайысқа аудан бойынша 10 жекеменшік балабақша қатысты. Әр қайсысынан 5 бүлдіршін бақ сынады. Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Боранбай Болатбеков, Тұран ауданының әкімі: «Бүкіл аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаймыз. Аспанымыз ашық, бірлігіміз бекем болғай. Осы шараға қатысып жатқан халыққа рақмет».

Аудан әкімі алдағы уақытта да мұндай шараларды жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Өйткені, бұл балалардың жарқын болашақ қалыптастыруына ықпал етеді дейді.

Мөлдір Ибадуллаева