«Арселор Миттал Теміртау» 1 миллиардтан астам айыппұл төлейді

39
фото Азаттық радиосы

Экологтардың тексерісінен кейін «АрселорМиттал Теміртау» ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам сомада айыппұл төлейтін болды. Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті 2022 жылдың 5 қыркүйегі – 3 қазаны аралығында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Оның барысында кәсіпорынның барлық жұмыс істеп тұрған цехтары бойынша «Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы сарапталды. Нәтижесінде өнеркәсіп алыбында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы өрескел бұзылғаны анықталды.

Негізгі бұзушылықтар бірқатар цехтарда шығарындылардың шекті рұқсат етілген нормадан асып кетуі болды.