Еліміздің батысында +40,+41 градус аптап ыстық болады

88
аптап ыстық ұзаққа созылмайды

Алдағы күндері республиканың солтүстігі мен шығысында ауа температурасы төмендейді, ал батыста, керісінше, 40 градус аптап ыстық болады.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 14 маусымда елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтілуде.
Солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына оралды, тіпті ауа температурасы түнде +5+15°C дейін, күндіз +17+25 дейін төмендейді деп болжанып отыр.
Еліміздің батысында 13-14 маусым аралығында күндіз аптап ыстық болады – сынап бағанасы +40+41°C дейін көтеріледі.