Елордада дәстүрлі «Astana Finance Days» конференциясы өтуде. Жиынға әлемнің 70 елінен 3 мыңға жуық қатысушы келді.
Олардың қатарында сарапшылар, әлеуетті инвесторлар, кәсіпкерлер және ірі халықаралық банк, криптобиржалардың басшылары бар. Шарада инвестиция тарту, жасыл экономика, төлем жүйесін цифрландыру тақырыбы талқыланды.
Қаржы саласында жүргізілген зерттеулер таныстырылды. Сала серкелері 28 панельдік сессияда сөз сөйледі. Жиын соңында ірі компаниялар өзара келіссөз жүргізді.