Мектеп оқушысының мәйіті табылды

200
фото alataunews.kz

9 маусым күні таңғы уақытта Қаратау ауданындағы Тұран-1 ықшамауданында жасөспірімнің мәйіті табылды. Белгілі болғандай, 2007 жылы туған бала 8 маусым күні кешкісін мал жайғауға шығып, қайта оралмаған. Таңертеңгі сағат 4:50-де оның денесі Жаңа тұрмыс көшесінен табылды. Ешқандай жарақат болмаған. Қазір жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жасөспірім 15 жаста, №72-ші орта мектепте оқыған, инклюзивті білім алған. Бүгін таңертең ол пәндік емтихандар тапсыруы керек болған екен.

«Бала 9-сыныпты бітірді, мектепте ешқандай оғаш қылық байқатпаған, тәртібі жақсы, инклюзивті білім алған, сабақтан қалмайтын. Бүгін емтихандар болды, ол келуі керек еді. Таңертең  ата-анасына телефон соғып, қайғылы хабарды естідік. Алдын ала басы айналып, құлап, басын қатты соққан шығар деді. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз», – дейді Шымкент қаласындағы №72 мектеп директоры Бегмат Усманов.

Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама көрсетеді.