Смартфонын сатпақ болған ер адам қарақшыларға тап болды

28

Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны «Iphone 14» маркалы ұялы телефонын сатпақ болып, интернетте өзінің гаджетін сату туралы хабарландыру жариялаған. Көп ұзамай оған сатып алушы қоңырау шалып, Тельман шағын ауданына келуді өтінген.

Кездесуге, белгіленген уақытта үш ер адам келген. Олар, тауарды тексергеннен кейін, сатып алу үшін қолма-қол ақша төлеп, кетуге асыққан. Бірақ сатушы ақшаның жалған екенін дер кезінде байқап, күдіктілерді қайта өзіне қаратады. Сол сәтте олардың бірі жәбірленушіні ұрып, кейін үшеуі де көлікпен оқиға орнынан қашып кеткен.
Бұл туралы, азамат Абай ауданының полиция басқармасына хабарлады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді. Іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент ҚПД жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбалардың көмегімен біз күдіктілердің автокөлігінің ізіне түсіп, олардың жеке басын анықтадық. Олар 21, 22 және 23 жастағы қызылордалық тұрғындар болып шықты. 3 тәулік ішінде олардың екеуі Қызылорда қаласында ұсталды.» – деді тергеуші Мардан Шәріпбаев.
Сот шешімен екі тонаушыға қатысты үш жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Біраз уақыттан кейін қылмысқа қатысы бар үшінші адам да қолға түсті. Алдағы уақытта оған қатысты жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жіберіледі.
Тәртіп сақшыларының жедел әрі нәтижелі қызметінің арқасында ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды.