Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

514

Түркістан облысында 5 жасар бала көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кетті.

Оқиға 8 маусымда Таукент ауылында болған. Төтеншеліктердің мәліметінше, бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған. 2018 жылы дүниеге келген бүлдіршін оқиға орнында қайтыс болды.

ТЖМ мәліметінше, дәл осы күні Жезқазғанда да осыған ұқсас оқиға орын алды. 2021 жылы дүниеге келген бала 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен. Балақай ауруханаға жатқызылды.