Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды

50
фото Ел.кз

 Отырар аудандық сотымен Түркістан облысы Түркістан қалалық сотының 13.03.2023 жылғы үкімімен азамат Н-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігінің кінәлі деп танылып, 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.

Алайда, Н-ды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүргені үшін оған қатысты ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толтырылған.
Сот отырысында азамат Н., өзінің кінәсін мойындап, бірақ өзі 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталғандығы есінен шығып кеткендігін, осы себепті он күн мерзімде тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне есепке тұру үшін бармағандығын көрсеткен.
Сот, іс жүргізу қатысушысын тыңдап, жинақталған құжаттарды зерттеп, сот талқылауында ашылған мән-жайларға баға бере отырып, азамат Н-ның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылуға жатады деген қорытындыға келген.
Отырар аудандық пробация қызметі бөлімшесімен қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүргендіктен, оған қатысты Отырар аудандық сотына ұсынысы жолданған.
Түркістан облысының Отырар аудандық сотының 2023 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен Отырар аудандық пробация қызметі бөлімшесінің іздеу жариялау және бұлтартпау шарасын таңдау туралы ұсынысы ішінара қанағаттандырылып, азамат Н-ға қатысты іздеу жарияланған.
Істің мұндай тұрғысында азамат Н., ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп әкiмшiлiк жаза қолданылуға жатпайды.
ӘҚБтК-нің 741-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшасына сай әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамы болмаған жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады.
Сол себепті азамат Н-ның әрекетінде ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.