Dombyra party: Шымкентте ұлттық аспап ұлықталды

56

Шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Бұл музыкалық аспап — қазақ халқының ең құнды жәдігерінің бірі және қазақ мәдениетінде өте маңызды орынға ие. Ұлттық аспапқа деген құрмет ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді. 

16 жастағы Ернар Асанбеков — республикалық жас орындаушылар байқауының екінші дәрежелі лауреаты. Жас күйші домбыра патиге биыл үшінші жыл қатарынан қатысуда. Сөзінше, көпшіліктің алдында өнер көрсету – сахнадағы қорқынышты жеңуге және байқауға арналған шығармаларды сынап көруге көмектеседі.

Ернар Асанбеков: «Менің ойымша, әрбір қазақ домбырада ойнай білуі тиіс. Мен өзім, музыкалық мектептің дәстүрлі ән сыныбын аяқтадым, одан бері 5 жыл өтті. Өзім «Адай» күйін жақсы көремін, бірақ ойнай алмаймын. Дегенмен, егер ниетің болса, үйреніп шығуға болады».

Шілденің алғашқы жексенбісінде Қазақстан жұрты Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Бұл күні арлық қалалар мен ауыл-аймақтарда домбыра үні естіледі. Бұл музыкалық аспап – ата-бабамызға ежелден өздерін толғандырған ой мен сезімдерін білдіруге көмектескен.

Ұйымдастырушылар Шымкентте ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған мұндай іс-шаралар үнемі өткізіліп отыратынын айтады.

Абай Сырлыбаев, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Шымкент қалалық филиалы кеңесшісі: «Қазіргі таңда бізде 50-ге жуық қатысушы келіп, Арбат демалыс аймағында өткізіп отырмыз. Қасиетті домбырамызды құрметтеу мақсатында домбырамен күйлерін орындап жатыр. Бұл бізде 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда халық көп жүретін аумақтарда жасап жатырмыз. Қазіргі таңда бізге жоғары оқу орындарынан, университет, колледж, мектеп оқушылары келіп отыр».

Ұлттық аспапты жасау — көп күш пен уақытты талап ететін күрделі процесс. Ал жақсы домбыраның құны — бірнеше мыңдаған долларға жетуі мүмкін. Ұлттық аспапқа деген құрмет әрбір қазақ отбасында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.