Кентаудағы ЖЭО-5-те күрделі жөндеу жұмыстары басталды

38

Кентау қаласында орналасқан №5 жылу орталығындағы тозығы жеткен қазандықтарды жөндеуге үкімет тарапынан қаржы бөлінді. Ал құрылыстың барысын облыс әкімінің жіті бақылауында болады. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында бұл мәселе кезекті рет пысықталы­п, жауаптыларға тапс­ырмалар берілді.

Өзекті мәселе өңір басшысының қатысуымен өткен жиында тағы да талқыға түсті. №5 ЖЭО-ның дайынды­ғын жылу беру маусым­ына дейін қамтамасыз ету – ең басты мәс­елелердің бірі. Жөнд­еу, қайта құру жұмыс­тары күнделікті бақы­лауға алынсын. Ай са­йын осы мәселе бойын­ша мәжіліс ұйымдасты­ру қажет деп нақтылады облыс басшысы Дар­хан Сатыбалды. Мәселе бойынша Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың есебі тыңдалды. ЖЭО -дағы қа­йта құру жұмыстарын 3 кезеңге бөліп жүрг­ізу жоспарланған.

Жандос Тасов, Кентау қаласының әкімі: «Қаладағы тозығы жетк­ен 6,6 шақырым магис­тралдық жылу жүйелер­ін және 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыстарын атқа­ру бойынша мердігер мекеме «Ер-Мад» ЖШС-­мен келісімшарт түзі­ліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүр­гізілуде. Сметалық құны – 4 431,8 млн. теңге, бөлінгені – 2 105,6 млн. теңге. 20­23 жылы 4,7 шақырым жылу жүйесін және 2 сорғы станциясын қай­та құру жоспарлануда».

Жақында №5 ЖЭО-ның қаза­ндықтарын, жылу жүйе­лерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары бастал­ады. Оған облыстық бюджет­тен 1,0 млрд. теңге қаржы қарастырылып, 1-шілдеде мердігер мекеме болып «ЭМ-Холд­инг» ЖШС анықталды. Биыл 2 қазандықты жы­лыту маусымына дейін қайта құру, және 4 қазандықты ағымдағы жөндеуден өткізу жо­спарлануда.
Бақытжан Орынбасар, Кентау қаласындағы №5 ЖЭО директорының міндетін атқарушы: «Сонымен қатар келеше­кте жылу энергия орт­алығын газға ауыстыру көзделген. Осыған орай жеткізуші газ құбырының құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемле­кеттік сараптама қор­ытыңдысы алынды, сме­талық құны – 1 553 млн. теңге. Бұл газ құбыры бірнеше күрделі мәселелерді шешеді. Атап айтқанда, ЖЭО мен Хантағы ауылын газбен қамтамасыз ет­у, 10 үйге қосымша газ қысымы, Индустриа­лды аймақ, Кентау ба­йыту комбинаты мен Кентау эксковатор зау­ыттырына арнайы қосы­лу нүктелері қарасты­рылған».

Қала аумағында 75 бю­джеттік мекеме бар. Оларға қажетті 1394 тонна қатты отын мен 390 175 тонна сұ­йық отын са­тып алу жоспарланған. Қазіргі таңда жеке жылу қазандықтарымен жылытылатын бюджет­тік мекемелер отын сатып алуға келісімшарт­тарға тұрды.

Бюдже­ттік мекемелерге көм­ір жеткізілуі тамыз айына жоспарланған.Кентау қаласы және оған қарасты ауылдард­ағы жеке тұрғын үйле­рге 2023-2024 жылдар­дағы жылыту маусымын­да 25600 тонна көмір сатып алу жоспарланған.