«Кестелі кимешек»: Салт-дәстүрді дәріптейтін кітап жарық көрді

65

Шымкентте ұлттық дәстүрді дәріптейтін «Кестелі кимешек» кітабы жарық көрді. Оқулық авторы Клара Лаханқызы аналар жолын жалғап, ұлттық киімімізді дәріптеуді қолға алған. Сонымен қатар, жаңа туынды салт-дәстүрімізді жастарға өсиет ету мақсатында жазылып шыққан.

Әл-Фараби кітапханасында Клара Лаханқызының «Кестелі кимешек» кітабының тұсауы кесілді. Су жаңа оқулық қазақ әйелінің болмысы мен ақ жаулығының қасиетін дәріптейді. Сонымен қатар, онда салт-дәстер мен атадан мұра болған ұлттық құндылығымыз жайында сөз болған. Сондықтан да мамандар бұл туындының жастар үшін маңызы зор екенін айтады.


Гүлмира Алпысбаева, Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары: «Ортаға олжа салған күн болып отыр. Клара Лаханқызының «Кестелі кимешек» атты кітабы жарыққа шығып жатыр. Ұлттың тәрбиесі бала тәрбиесіне байланысты десе, әрине баланы ана тәрбиелейді. Ал бұл кітапта қазақ әйеліне, қыз балаға байланысты өсиет жинақталған».

Керемет кеште тек кітап таныстырылып қоймай, кестелі кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылды.

Қазақтың ақ жаулығын дәріптеп жүрген қазақстандық аналардың басын қосқан кездесуде Клара Лаханқызының сөзіне жазылған 2 ән ел назарына ұсынылды. Ал «Кимешек киген қалпың-ай» әнінің композиторы бұл шығарма үлкен толғаныспен жазылғанын жеткізді.

Амангелді Сәндібайұлы, композитор: «Әуенде ешкімге ұқсамайтын өзгешелік болу керек. Сондықтан ән емес үлкен компазиция сияқты етіп жазулды ойладым. Мамыр айында жазып шықтым. Клара Лаханқызына жіберген едім ұантты»

Айта кетейік, жомарт жүректі ел анасы атанған автордың қоржынында 6 кітап пен 3 әні бар. Мәдениет саласында қосқан үлесі үшін бәйдібектік дарын «Халық құрметі», «Ұлт мақтанышы» сынды медальдармен марапатталған.