Шымкент: Ирригациялық жүйелер орнатылуда

129

Бүгінде Шымкент қаласында ирригациялық жүйелер, кәріз жүйелері жүргізілуде. Жаз маусымын пайдаланып коммуналшылар қызу құрылысқа кіріскен бүгінде. Әр ауданда жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағында су шаю қаупі туындаған қауіпті орындарға зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Нәтижесінде су басу қаупін алдын алу мақсатында ауданның 5 аумағында ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Арық-атыздардың
жалпы ұзындығы 1330 метрді құрайды.
 Сонымен қатар 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында су жиналу қаупі бар 16 мекенжайға ирригациялар жүргізіледі. Қазір желілердің жобалау-сметалық құжаттасы әзірленуде.
Сондай-ақ, Мирас және Шапағат-2 шағынауданында кәріз құбырлары жүргізілуде.
Қазір қаладағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізілуде.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыған дейін жұмыстардың 80% аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекема тарапынан жұмыстар қарқынды жүруде.
 Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % -дан 65 % -ға артады.