Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды

49

Шымкентте жантүршігерлік оқиға орын алды. Тауке хан даңғылының бойындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 28 жастағы қыздың мәйіті табылды. Жас қыздың өліміне қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны ұсталды.

Сезіктіні полицейлер жергілікті мекен-жайынан анықтаған.  Алдын ала болжам бойынша қалаға жұмыс істеу мақсатымен келген бойжеткенді байлап, қылғындырып өлтірген.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Әл-Фараби Аудандық Полиция Бөлімінің “102” арнасына жалға алынған пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жас әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, криминалистер, тергеушілер мен жедел уәкілдерден құралған Шымкент қаласы Полиция Департаментінің жедел-тергеу тобы мен аудан прокурорлары келді. Кезекші сарапшы жәбірленушінің механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексi 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді».