Шымкенттік кәсіпкер ағаштан табиғи таза блог шығарып жатыр

40

Шымкенттік кәсіпкер табиғи таза арболит блогын шығарып, табысқа кенеліп отыр. Мұндай бизнес түрі Қазақстанда 3 қалада ғана бар. Алайда құрылыс материалының пайдасы мол. 

Бұл Шымкентте шығарылып жатқан табиғи таза арболит блогы. Құрылыс материалының 90 пайызы ағаштан тұрады. Блогты жасау үшін ағаш қиындысы пен цемент қана жеткілікті. Алайда арболит қыста суықтан, жазда ыстықтан жақсы қорғайды. Мұнда дәл осындай заманауи кішпіштің күніне 250-і шығарылады.

7 баланың әкесі Нұрымжан Шойбеков бұл кәсіпті ғаламтор желісін зерделеп жүріп тауып алыпты. Оның айтуынша мұндай блогтар ауа райы ыстық біздің өңірге нағыз таптырмас өнім. Себебі бұл материалдан соғылған үй ішіндегі ауа температурасын бірқалыпты ұстайды. Әрі бағасы да қалтаға қонымды. Алайда кәсіпкер халық әлі бұл өнімді толық білмейтінін айтады.

Бүгінде Шымкентте кәсіпкерлік жақсы дамып келеді. Осындай ерекше кәсіп түрімен айналысатындардың қатары да күннен күнге арта түсуде. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында ісін ілгерілетіп, кәсібінің тасын өрге домалатып отырғандардың қатары көбейіп келеді.

Нұрымжан Шойбеков, кәсіпкер: «Білетін Алматының тұрғындары көп сұрап келеді. Ал Шымкентте Достық Асар шағынаудандарында біраз үйлер салынды. Алайда халықтың 20-30 пайызы ғана таниды. Қыстың күні үйді 1 жылытып алса болды. Кейін жәй қойып қойса болды, қаншама газ эконом болады. Ал жазда желдеткішті бір қосып алса, кешке дейін сақтап тұрады. Ал шегені еркін қаға беруге де болады»

Айта кетейік, мұндай кәсіп түрі Қазақстанда 3-ақ қалада бар. Соның бірі Шымкентте. Жергілікті кәсіпкер арболит өндіруді 2016 жылы бастаған. Ал 2022 жылы мемлекет тарапынан қолдау тауып, қайтарымсыз грант негізінде қосымша құрылғылар сатып алған.