Сүт өнімдерін ажырата білесіз бе…

1053
Сүт өнімдерін ажырата білесіз бе...

Қазақстан Евразиялық одаққа мүше болғалы елімізде шетелдік тауар түрлері көбейгені жасырын емес. Әсіресе, сырттан келетін азық-түлік арта түсті. Арасында сүт өнімдері де бар. Мамандардың ескертуінше, сауда сөрелеріндегі осы сүт өнімдерінің барлығы сапалы әрі табиғи бола бермейді.

Өйткені мұндай тауарлардың басым бөлігі стандартты қорапшаларда сатылғандықтан, ішіндегі өнімнің сапасын ажырату қиын. Осыны пайдаланған кәсіпкерлер түрлі қоспалардан дайындалған өнімдердің саудасын қыздырып жатады.

Сүт өнімдерін ажырата білесіз бе...

 

Айран, сүзбе, қайнатылған сүт, ірімшік және де түрлі йогурттар. Қатарынан тізілген бұл сүт өнімдері күнделікті тұтынатын тағамдар. Тауардың сырты әдемі қорапша болғанымен, қайсысының таза табиғи өнім екенін ажырату қиын.

Таза әрі табиғи өнімді ажырату үшін мамандар алдымен оның қорабына мән беру керек дейді. Әр құтыда тауардың жарамдылық мерзімі және құрамы жазылуы тиіс. Сондай-ақ, ең бастысы, өнімді сақтау жолдары көрсетілуі тиіс. Бірақ, мұның өзі тағамның сапалы екендігін білдіре бермейді. Өйткені елімізде өндірілетін сүттің 30 пайызы қайта өндеуден өтеді. Ол 12 айға дейін жарамды. Ол сүт тұтынушыларға жеткенше құрамы мұқият зерттеледі. 10 түрлі әдіспен тазартылып, залалсыздандырады. Тек 9-күні ғана сүтті дүкендерде саудалайды.

Жандос Мұзафаров: «Таза сүт өнімі ешқандай қоспасыз көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ түрлі дәрумендер қосылса, оның түру міндетті түрде қорапшада жазылуы тиіс.»

Сондай-ақ, мамандар, көшеде саудаланатын сүттің сапасы мен оны тұтынушылардың денсаулығы үшін алаңдайтынын айтады. Өйткені көше кезіп жүретін сатушылардың өнімі арнайы тексеруден өтпейтіні белгілі. Қалай болғанда да қазіргі таңда дүкен сөрелерінде отандық сүт өнімдері көбейіп келеді. Ал жергілікті халық өзіміздің сүт қалай болғанда да пайдалы деген пікірде.

Лаура Нақыпқызы