Жаңа оқу жылына қарай құрсайлықтар толық ауыз сумен қамтылады

16

Қыркүйекте Шымкенттегі «Құрсай» шағынауданының халқы ауыз сумен толық қамтылады.

Бүгінде бұл шағынаудан тұрғындары суды кестемен тұтынып отырғандардың қатарында. Сол себептен мұндағы 25 мыңға жуық халықты сапалы сумен қамту мақсатында 2020-2021 жылдары 2 кезеңнен тұратын жоба жасалған болатын. Онда магистралды суаққы мен ішкі орамдық ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде бірінші кезең жұмысының 98 пайызы орындалған. Ал екінші кезеңнің 97 пайызы аяқталған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптыларға құрылыс жұмыстарын уақытылы орындауды тапсырды.