Жерлеуге берілетін біржолғы төлемнің мөлшері едәуір өсті

102

Жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерге қатысты өзгерістер жайлы бізбен  Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ержан Ергешбек бөлісті:

«Әлеуметтік кодекстің 244 бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы  қайтыс болған жағдайда  оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15, 7 еселенген мөлшеріндегі  /3450 х15,7=54 165 тн/ төлемнің  орнына  2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АЕК 35 еселеген мөлшерінде 3450х35=120 750 теңге республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлем төленетін болады»