«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полицейлер қала көшелерінде орын алған 4475 жол ережесін бұзу жайттарын анықтады. Оның ішінде, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін -758 тұлға, тізгінде отырып ұялы телефон қолданғаны үшін — 256 азамат және жол жүрісі қағидаларын бұзған -770 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, мас күйде көлік басқарған 14 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен жауапкершілікке тартылса, тағы 74 автокөлік айып тұраққа қамалды.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды жол үстінде барынша мұқият болуға және ережені қатаң сақтауға шақырады. Өйткені, жол қателікті кешірмейді.