Туысыңыз немесе танысыңыз банктен несие аларда оған гарант (кепілгер) болдыңыз делік. Ол үшін нендей жайтты білуіңіз керек?
Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы кез келген адам гарант болуға келіспес бұрын, алдымен өз міндетін білуге кеңес береді. Өйткені борышкер несиесін төлей алмай жатса, гарант сол қарыз алушының банк алдындағы міндеттемесін толық немесе жартылай орындалуына жауап береді. Оған қоса өсімпұл мен сыйақыға да банк алдында жауапты болады.
«Егер сіз гарант ретінде несие алушының қарызын банк алдында толық өтеп берсеңіз, қарыз алушыны сотқа беру арқылы төленген ақшаны өндіре алатыныңызды біле жүріңіз»,-деді заңгер.