Екі айда мыңнан астам шымкенттік жұп некені тіркеуге онлайн өтінім берді

59
фото egov.kz

 

 

         2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілді. Бұл ретте мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі өзгермейді. Болашақ жасжұбайлар үйден шықпай-ақ онлайн режимінде некеге тұруға өтініш бере алады. АХАТ функциялары берілгеннен бері 1096 жұп онлайн өтініш тапсырған.

 

Өтінім беру үшін ЭЦҚ арқылы eGov порталына кіріп, «Отбасы» бөлімін таңдап, одан «Отбасылық жағдай» бөлімінде «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін таңдаңыз.

 

Өтініш тәртібімен танысқаннан кейін «Онлайн қызметке тапсырыс беру» бөлімінде сіз жеке деректерді толтыруыңыз қажет: ерінің/зайыбының ЖСН және неке тіркелетін тіркеу бөлімін таңдау қажет екенін ескеріңіз.

 

Өтініш толтырылғаннан кейін жүйе төлем жасауды ұсынады. Өтініш беруші «Төлеу» батырмасын басу арқылы төлем жасап, өтінішті ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу үшін электрондық үкімет порталындағы «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне өтіп, өтінімді толтырып, ЭЦҚ көмегімен растау қажет.

 

Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеу туралы өтінішті 15 күн алдын тапсыру қажет. Қазақстан Республикасында некеге тұру жасы ерлер мен әйелдер үшін заңмен 18 жастан бастап белгіленген.