Елге IT-мамандарды тарту үшін Digital Nomad visa жобасы жүзеге асырылады

30
фото Хабар24

Қазақстанға IT-мамандарды тарту үшін Digital Nomad visa жобасы жүзеге асырылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің  айтуынша, 15 қыркүйекте Орталық Азия мен Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдердің стартаптарын қолдауға және ілгерілетуге бағытталған Silkroad Innovation Hub өкілдігі ашылады.

Үкімет отырысында министр президент 2026 жылға қарай IT-экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізу мақсатын қойғанын атап өтті. Былтыр ІТ-экспорт бес есе өсіп, 334 млн долларды құрады, оның ішінде 153 млн доллар Astana Hub қатысушыларымен жасалған.
«Бұл біздің цифрлық өнімдеріміздің халықаралық аренада бәсекелі болуының көрсеткіші. Astana Hub Орталық Азия өңіріндегі Google for Startups-тің жалғыз серіктесі болды. Осылайша, Қазақстан аймақтық ірі айти ойыншысына айналып келеді», – деді Мусин.
Бұған қоса, оның айтуынша, ІТ-саласындағы инвестиция көлемі өсіп, стартаптар Кремний алқабының акселерациясына да шығуда. Министрлік Бәйтерек холдингімен бірлесіп отандық ІТ-өнімдерді енгізуді ынталандыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеген.