Қазақстандық ғалымдар мыс қалдықтарынан селен алу жолын ойлап тапты

16
Жаңалық табылар болса, біздің ғалымдарды Нобель сыйлығы күтіп тұр

Қазақстандық ғалымдар балқыған мыс қалдықтарынан тазалығы жағынан жоғары деңгейдегі селен алу жолын ойлап тапты. Тың технологияның арқасында сыртқа сатылатын металлургиялық өнімнің бұл түріне деген сұраныс артып, бағасы 15 есе қымбаттамақ.

Қазірдің өзінде құрамы таза селен өндіру жұмысы басталып, ірі кәсіпорындарда арнайы цехтар ашылып жатыр. Селен медицина, шыны өндірісі және электроника сынды маңызды салаларда кеңінен қолданылады. Сондықтан да оған деген сұраныс жоғары.

Десе де, осы кезге дейін елімізде өндіріліп келген металдың бұл түрі құрамы жағынан таза болмайтын. 20 жылдық зерттеу жұмыстарынан кейін Қ. Сатпаев университетінің ғалымдары жаңалық ашты.