Шымкентте зейнеткердің ұрлық жасау сәті видеоға түсіп қалды

118

Ұялы телефонын орнынан таппаған азық-түлік дүкенінің қызметкері болған оқиға туралы полицияға хабарлады. Сатушы ұрланған гаджет тауар тұрған сөренің үстінде жатқанын көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.

Полицейлер аталған жайтты «Ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркеді.
Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бір сағаттың ішінде смартфонды ұрлаған адамның жеке басын анықтады. Ол 67 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Ұялы телефонға көзі түскен қарт келіншек сөрелерден белгілі бір тауарды іздеп жүргендей кейіп танытқан. Сатушының назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, смартфонды тез арада сөмкесіне салып, сауда нүктесінен шығып кетуге асыққан.
Тәртіп сақшылары гаджетті тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.