Шымкенттегі жаңа оқушылар сарайында әлі 1000-ға жуық орын бос

36

70-ке жуық тегін үйірме. Бұл Шымкентте жаңадан бой көтерген оқушылар сарайындағы үйірмелер саны. Мұнда үшінші мегаполистің оқушылары келіп, ақысыз негізде білім алады.

Заманауи нысан. Тәжірибелі ұстаз. Дамушы орта. Шымкенттегі су жаңа оқушылар сарайы балалардың өз қабілеттерін шыңдап, білмегенін үйренуге мүмкіндік беретін мекенге айналып келеді. Ашылғанына аз уақыт болғанына қарамастан, сарайдағы 70-ке жуық үйірменің әрқайсысында оқушылар саны айтарлықтай толған. Мамандардың айтуынша, дәл қазір орталықта 4011 бала бар.

Танура Көшерова,  Оқушылар сарайы директорының орынбасары:  «Біз 6 бағыт бойынша қызмет етеміз. Атап айтсақ, Ғылыми — техникалық, музыкалық, бейнелеу, психологиялық және гуманитарлық бағыттар бойынша жұмыс істейміз. Балаларды тіркеу Мендаль сайты арқылы жүреді. Барлығы тегін. Балалар 2 үйірмеге тегін жазылуға құқығы бар. 6 жастан 16 жасқа дейінгі мектеп жасындағы оұһқушыларды қабылдаймыз. Фейсбук, Инстаграм және сайтта үйірме орындарын жариялаймыз. Сол хабарландыру арқылы ата-аналар бізге келеді. Медициналық 027 анықтама , ЖСН және баланың суреті мен ата-аналардың құжаты қажет».

Тоғыз жүз мың шаршы метрді құрайтын, үш қабатты ғимараттың ішінде оқушылар үшін бассейн, күресу залы, жекпе-жек залы, үстел теннисі ойындарының залы орналасқан. Сондай-ақ, көркем-эстетикалық блокта бейнелеу өнері, драма үйірмесі, сәндік-қолданбалы өнер, қыш жасау залы бар. Ал ғылыми техникалық бөлігінде 3D модельдеу, Lego кабинеті, интерактивті кітапхана, биотехнология, ал гуманитарлық блокта фото және бейне студия, журналистика, моториканы дамыту үйірмелерін табуға болады. Бұдан бөлек футбол алаңы, баскетбол, волейбол, воркаут, балалар ойын алаңы бар.

Эльмира Тұрлыбек,  «Жас талант» журналистика үйірмесінің жетекшісі: «Бұл  медиаорталық Шымкентте ең алғаш оқушылар сарайындағы  ашылып отырған жоба деп айтуға болады. Бұрын-соңды мұның негізі болмаған. Яғни журналистика осыған университеттерде оқытылатын болса, мектеп қабырғасында аранйы үйірмелер болмады ғой.Енді осы номірі екінші оқушылар сарайына енігізіліп отыр. Орталықтың негізгі мақсаты болашақ журналистерді ғана дайындау емес, тележүргізушілерді, радиожүргізушілерді, СММ, мобилографтарды, ал блогингте фото видео контент жасайтын болашақ біздің мамандарға көмектесе алатын ассистент даярлау.

Ал бұл бөлмеде болашақта үлкен сахналарда өнер көрсететін әртістерді дайындайды. Берік Кәусардың сахналық өнер сабағына қатысып жүргеніне көп болмаған. Жас бүлдіршін бойындағы әртістік қабілетін шыңдап, өз талант көзін тапқан соң қазақ және шетел киноларында өнер көрсетуге бел буыпты.

Кәусар Берік,  оқушы: » Болашақта  мен актриса болғым келеді. Анджелина Джолиге ұқсағым келеді. Фантастика, комедия фильмдеріне түскім келеді. Соған дайындалып жатырмын.  Негізі эмоцияны көрсету, басқа біреулердің ойынша өте оңай деп ойлайды. Бірақ оның да қиындығы болады. Маған жылауды көрсету қиын».

Аталған орталық бір күнде 500 оқушыны қабылдаса, жалпы 5000 балаға қызмет етеді. Мамандардың айтуынша, әлі де мыңға жуық орын бос, яғни, бала саны әлі толмаған. Сол себепті балаңыздың хоббиін анықтап, оның осындай қолайлы ортада өсіп-өнуіне жағдай жасауыңызға әлі де кеш емес.