Төлем мерзімі өтіп кеткен 30 күннен астам кешіктірілген қарыз 1,2 трлн

65
фото zazdorovie.net

Биыл тамызда қазақстандық банктердің несие портфелі 26,4 трлн теңгеге жетті, бұл бір ай бұрынғыдан 1,9% артық.

Ал төлем мерзімі 30 күннен асатын қарыз көлемі 1,2 трлн теңге. Несие беруші он банктің екеуі ғана айлық динамикадағы теріс көрсеткішті төмендете алды. Қалған сегіз банкте мерзімі өткен несие көлемі ұлғайды.

90 күннен астам кешіктірілген төлемдердің теріс көрсеткіші, бір айда жалпы банк секторы бойынша 4,3% өсіп, 889 млрд теңгеге жетті. Жылдық динамикада банктердің несие портфелі 22,5% өскен. Төлем мерзімі өтіп кеткен несиелер 30 күннен астам кешіктірілген қарыз 1,2 трлн; 90 күннен астам кешіктірілген қарыз 889 млрд; қазақстандық банктердің несие портфелі 26,4 трлн