Әлеуметтік желіде теріс діни ағымды насихаттаған шымкенттік жауапқа тартылды

53

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде ақпараттық жүйеге мониторинг жүргізді. Теріс діни мазмұндағы кітаптарды сатумен және сол тектес ақпараттарды таратумен айналысатын ғаламтор беттерін саралады.

Нәтижесінде, әлеуметтік желіге жат ағымдағы бейне материалдарды жүктеген 40 жастағы қала тұрғыны күдікке ілінді. Ер адамның жеке парақшасына сараптама тағайындалды.

Теолог-мамандардың қорытындысына сәйкес, азамат ҚР- ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны анықталды.

Сәйкесінше, заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабымен хаттама толтырылып, сот шешімімен 50АЕК көлемінде айыппұл салынды.