МӘМС жүйесінде 3,3 милионнан астам адам сақтандырылмаған

10

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтуынша  МӘМС-пен халықты қамтамасыз ету бойынша отбасылық цифрлық карта негізінде талдау жүргізілді.

«Бүгінгі таңда 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған. Бұл жұмыссыздар немесе өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, тұрақты табысы жоқ, әлеуметтік мәртебесі расталмаған азаматтар», – дейді Ғиният мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Министр цирфлық карта негізінде сақтандырылмаған, табысы төмен үш санаттағы 1,5 млн адамды бюджеттік қаражат есебінен қамтуды ұсынып отыр. Бұл мақсаттарға 2025 жылдан бастап 77 млрд. теңгеден 2030 жылы 85 млрд. теңгеге дейін қажет болады. Министр бұл шаралар халықтың кемінде 90-95%-ін қамтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.