Úı Jańalyqtar Қоныс аударған отбасыларға қаржылай көмек көрсетіледі

Қоныс аударған отбасыларға қаржылай көмек көрсетіледі

Қазақстанда  622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алған Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған отбасыларға жаңа баспана алуға қаржылай көмек көрсетіледі.

Оларға тұрғын үй құнының 50%-і мөлшерінде өтемақы көзделген ұтқырлық сертификаттары беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес қоныс аудару механизмі қайта қаралғанын атап өтті.
«Еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударуды ынталандыру үшін жаңа жердегі тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде (жұмыс беруші растаған жұмыс орны болған кезде) қаржылық көмекке құқық беретін ұтқырлық сертификаттары енгізілді», — деді Жақыпова үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 7,5 мың адам солтүстік және шығыс өңірлерге қоныс аударған немесе жылдық жоспардың 87%-і орындалды. Ұлытау облысын қоспағанда, басқа облыстарда көшу үрдісі жоғары деңгейде жүріп жатыр. Ішкі қоныс аударушылардың көпшілігі – Түркістан және Алматы облыстарының бұрынғы тұрғындары.
«Көшіп келген еңбекке қабілетті азаматтардың 73%-і жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 5,2 мың адамға көшу шығыстарын өтеу үшін біржолғы материалдық көмек берілді. 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алды, 395 отбасы солтүстік өңірлерде баспаналы болды», — деді министр.
Жақыпова қолға алынып отырған шаралар ішкі көші-қон саясатын тиімді «қайта жүктеуге» мүмкіндік береді деп санайды.