Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында Нұршуақ елдімекенінде салынып жатқан 2 мың орындық мектеп салынуда. Қазір білім ғимаратын салуға елдімекен аумағынан 4,2 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жобаға сәйкес заманауи талапқа сай бой көтеретін білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі. Қала әкімі жауаптыларға ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің, ең алдымен, оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шараның барлығын ескеру бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектеп салу жоспарлануда. Жобаға сәйкес жыл соңына дейін 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы бекітілген. Келесі жылы 10 700 орындық 6 мектеп салу жоспарланып отыр.