Төреғали Төреәлі көше сыпырып жүр…

37

Бұған дейін де бірнеше рет тәртіп бұзып, көзге түскен әнші Төреғали Төреәлі сот үкімі бойынша 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. Өнер иесі бұл туралы өзінің  Instagram парақшасында жазба жариялады. Сары түске боялған саябақта жапырақтарды сыпырып жүрген бейнежазбасы қоса бар.

Еске сала кетсек, полицейлер Төреғали Төреәліні маусым айында жол ережесін өрескел бұзғаны үшін ұстаған еді. Әнші әдепсіз сөздерді қарша боратып, полицейлерге бағынбай, қамауға алынған жерінен қашып кетпек болған. Дәл сол уақытта көлікте қасында әйелі де болған. Бұл бейнежазба лезде әлеуметтік желілерде тарап кеткен еді.

Әнші енді көлік айдамайды, сот оны жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Кейін полицияға бағынбағаны үшін қамауға алу мерзімі ұзартылды. Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оны 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарған болатын. Халықтың ерке баласы Төреғали енді сол жазасын өтеп жүр.

Жазба астына оқырмандар түрлі пікір қалдырған. Бірі «Тағы да қуып кетпе» десе, енді бірі «Әлі де әділдік болып түйені түгімен жұтып жүргендерді жазаласа, бұл баланыкі ештеңе емес», «Азаматсың, мойыма ер жігіттің басына не келіп кетпеген» деп жазды.