Түркістан облысы білім басқармасының басшысы өз өтінішімен жұмыстан босатылды

129
фото facebook әлеуметтік желіден алынды

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды. Бұл туралы Дінислам Болатханұлы өзінің facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

Дінислам Болатханұлы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшы болып 2022 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын. Білім саласында бірнеше жылдар қызмет еткен экс-басқарма басшысы киелі шаһарда 1,5 жылға жуық еңбек етті.