Зейнетақының орташа мөлшері қанша?

31
фото stan.kz

Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрайды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ведомство ақпаратынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312 мың адам.
«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.