«7-20-25» бағдарламасы бойынша тағы бес жыл бойы ипотека беріліп тұрады, деп хабарлайды Krisha.kz порталы.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ сыртқы коммуникациялар менеджері Айбар Олжаевтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы келесі жылы да, тіпті, 2029 жылға дейін жалғасады. Ал жыл сайынғы лимит (100 млрд теңге) өзгермейді.
«Келесі жылы өтінім қабылдау тәртібі де өзгермейді. Оны банктердің өздері реттеп отырады. Ал бағдарламаның операторы — «Қазақстанның орнықтылық қоры» компаниясы бұл жұмысқа араласа алмайды», — дейді Олжаев.
Қазіргі кезде «7-20-25» ипотекасы бес банкте беріледі. Олар: БЦК, Фридом, Halyk, РБК, Алтын, Форте мен Евразиялық банк. Барлығына тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бөлінеді.
Айта кетері, бұл бағдарлама 2018 жылы іске қосылды. Жұмыс істейтін азаматтарды 20%-тен бастап алғашқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамтамасыз етуге арналған. Несие уақыты – 25 жылға дейін. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау мен Шымкентте 25 млн теңгеге дейін алуға болады. Ал басқа аймақтарда ипотеканың мөлшері – 15-20 млн теңге.