Еліміздің Әнұранын тыңдамаса, ұйқыға жатпайтын шымкенттік бүлдіршін көпті тәнті етті. Балақайды анасы видеоға түсіріп, оны ТікТок парақшасында жариялаған.
Анасының жазуынша, ұлы ұйқысы келіп тұрса да, сағат түнгі 12-де міндетті түрде «Балапан» арнасындағы Әнұранды тыңдап барып жатады екен.
Видеодан кеудесіне қолын қойып, Әнұранды бар ынтасымен тыңдап тұрған балақайды көруге болады.
Бүлдіршіннің жасы шамамен 2-де. Ол көпбалалы Қожамбердиевтер отбасының кенже ұлы.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары бұл бала болашақта елінің патриот азаматы болатынына сенім артып, жарқын болашақ тіледі.
«Алла қаласа мықты жігіт болады», «Нағыз жігіт бол», «Өмір жасың ұзақ болсын», «Жаным сол! Жұдырықтай жүрегіңнен айналдым. Үлкен азамат бол», «Елім деген жүрегіңнен айналайын! Сенің елің, сенің болашағың жарқын болсын, балапан!», «Аман болсын. Патриот бала боп өссін», «Білімді, патриот жастар көп болсын» деп жазды желідегілер.