Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері өседі

49

Елімізде ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері өзгереді. Бұл «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетте» қарастырылған.

Құжатқа сәйкес, келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге өседі. Ал төменгі зейнетақы мөлшері 53 076 теңгеден 57 800 теңгеге ұлғаяды.

Базалық зейнетақы 28 215 теңге, ал бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 3 692 теңге болып өзгереді.

Заң жобасы қазір Сенат қарауында. Парламент құжатты мақұлдаса, Президенттің қол қоюына жібереді.