Кәсіпкерлердің 915 млн. теңге көлемінде мүліктік құқығы қорғалды

24

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық шеңберінде «Бизнеске жол» жобасы іске асырып жатыр. Жобаның басты мақсаты – кәсіпкерліктің дамуына кедергілер анықталған жағдайда оны шешу жолдарын қарастыру, бизнес өкілдерінің құқығы мен заңды мүддесін қорғауға бағытталған шаралар қабылдау.

Жалпы осы жылдың 9 айында Өңірлік палатаға кәсіпкерлік субъектілерінен 197 арыз қаралып, оның 83-і бойынша кәсіпкерлердің 915 млн теңге көлемінде мүліктік құқығы қорғалған.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амированың айтуынша, жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің 10 отырысы өткізіліп, онда бизнестің жекелеген және жүйелі 22 мәселесі көтерілген. Нәтижесінде мемлекеттік және құзырлы органдарға жалпы 45 хаттамалық ұсыныс енгізіліп, оның 35-і оң шешімін тапты.