Келес ауданындағы №11 “Жолбасшы” жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Данабек Айкөркем үй гүлдерін өсірумен айналысады. Арнайы жылыжайда қазіргі таңда 10-ға жуық үй гүлдерінің түрлерін баптап отырған дарынды оқушы биология пәні мұғалімінің жетекшілігімен арнайы зерттеу де жүргізіп жатыр.
— Гүл өсіру – ертеден кележатқан шаруашылықтың «әдемі» саласы. Қазіргі таңда шаруашылықтың бұл түрі әлемде қарқынды дамып келе жатыр. Гүл өсіру Голландияда, Германияда, Жапония басқа да бірқатар елде жақсы дамыған. Тараз қаласына жолым түскенде жылыжайда өсіріліп жатқан ботаника бағында гүлдің мыңдаған түрі мен сортына куә болдым. Табиғаттың сәнін келтіретін, әлемге сұлулық сыйлайтын гүлді өсіру оңай емес. Ол өскеннен кейін емес, өскенге дейін де ерекше күтімді қажет етеді. Гүл өсіру үшін оның әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген жөн. Қалай өсіру керек, қандай материалдар қажет? Осы сынды түрлі сұраққа өзім тұрып жатқан Келес ауданы Жолбасшы елді мекенініде гүл өсіретін шағын жылыжай шаруашылығымен айналысатын Исмаилов Бахтияр есімді ағамның жылыжай шаруашылығында өз тәжірибемді арттырдым,-дейді еңбекқор қыз.
Жас дарын сонымен қатар гүл өсіру үшін кем дегенде үш-төрт ай, ал кейде жарты жыл уақыт қажет екендігін де айтады. Алдағы уақытта Айкөркем өз тәжірибесін достарымен бөлісіп, олардың да гүл өсіруге деген қызығушылығын арттырмақ.
“Жолбасшы” жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Арипбаев Биғазы болса шәкіртіне топырақтың түзілу ортасы ажыратылатындығын түсіндіріп келеді.
— Жаратылыстану ғылымы Биология пәні бойынша Ботаника зерттеуілер бойынша өсімдіктерді өсіруге қызығушылық танытқан Айкөркем гүл мен бұталы ағаштарды жерсіндіріп, жетілідіруде. Шағын жылыжай ішінде қазір осындай 10-ға жуық өсімдік түрі жайқалып тұр. Ботаникалық жылыжай «Гүл» шаруашылығымен айналысатын Исмаилов Бахтияр ағамен жиі байланыста болып, зерттеу тәжірибелерін арттырып жатырмыз. Гүлдерді бапттауда оларға мән беру өте маңызды. Топырағын қопсытып тұру керек. Кейін артық жапырағын қырқып тұрамыз және жапырақтарына қажетті мөлшерде су беру керек. Одан артық берсек, температураға қарсы болады. Жалпы оқушым осының бәрін меңгерген, — дейді мұғалімі.