Мақтааралдық магнит адам 7 мыңға тарта адамды дертінен айықтырған

51

Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Атакент Кентінде бойында ерекше қасиеті бар жан тұрады. Бүгінде 77 жасқа қадам басқан Қилыбай Монанұлы Ирсаевтың денесіне кез-келген металл бұйымдар, соның ішінде қасық, шанышқы, пышақ, тіпті, үтік те еш қиындықсыз жабысады. Ұстаздық пен журналистиканы, емшілік қасиетті қатар алып жүрген бұл азамат жеті мыңға тарта адамды дертінен айықтырып, жазыпты.

Бүгінде кіндігінен өрбіген 3 ұл, 2 қызынан 20 немере, 10 шөбере сүйіп отырған ақсақал жас кезінде 10-15 метр жердегі адамды бойындағы биомагнит арқылы құлата алатындай дәрежеде болған екен.