Отандық жылыжай жылына 500 тонна құлпынай өндіреді

17

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қайнарбұлақ елдімекеніндегі жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

 «OtanAgro» ЖШС өнеркәсіптік нысанның құрылысы өткен жылы басталған. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 700 млн теңгені құрайды. Алдағы уақытта жылына 380—500 тонна құлпынай өндіреді. Өнімді ішкі нарық айналымына және көрші елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.
 Заманауи технологиямен салынып жатқан жылыжайа 30-дан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті елдімекен тұрғындарын қамту көзделген. Тамшылатып суғару жүйесі қалыптастырылған кешенде осы жылдың желтоқсан айында қызанақ пен қияр егілмек. Жемісін қаңтар-ақпан айларында алып, сатылымға шығарады. Отандық өнімнің бағасы қолжетімді болады.
Аталған жылыжайдың көлемі — 2 гектар. Алдағы уақытта аумағын тағы 2 гектарға ұлғайтып, екіншісін салу жоспарланған. Кешеннің инвестициялық құны шамамен 400—500 млн теңге болады.
Жылыжайдың жай-күйімен танысқан қала әкімі отандық өнімді дамыта түсу керектігін алға тартып, әрдайым қолдайтынын жеткізді.