Úı ANONS Шымкентте 22 млн теңге қарызы бар үш жүргізуші ұсталды

Шымкентте 22 млн теңге қарызы бар үш жүргізуші ұсталды

Шымкентте борышке үш жүргізуші ұсталды. Қалалық Полиция департаментінің дерегінше, олардың мемлекет алдында 22 млн теңге қарызы бар.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында патрульдік полицейлер қала көшелерінде қарыздан жалтарған 3 азаматты тоқтатқан. Атап айтқанда, «Toyota Highlander» маркалы автокөлігін тізгіндеген ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша 8 млн 700 мың теңге қарызы болса, «Toyota Camry 40» темір тұлпарының жүргізушісі 8 млн теңге берешекке батқан. Ал «Mitsubishi Montero» көлігінің иесінде 5 миллион теңгеден астам өтелмеген қарызы бар екені анықталған.

Жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы қатаң ескертіліп, көліктері “Арғымақ” айып тұрағына қойылды. Көлік иелері берешектерін толық өтегеннен кейін ғана автокөліктеріне қол жеткізе алады.