Шымкентте 3 мыңнан астам бала қызылша жұқтырған

104

Шымкентте қызылшадан эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болуда. Қалалық санитариялық-эмидемиологиялық бақылау департаментіндегілер осылай деп дабыл қағып отыр.

Мамандардың айтуынша, биыл шаһарда қызылшаның алғашқы диагнозымен 6465 жағдай тіркелді, оның 3019-ы зертханалық расталған. Ауырғандардың 80-85%-ы 14 жасқа дейінгілер болса, оның ішінде басым көпшілігі 6 жасқа дейінгі балалар екен.

Қызылша – адамдарға тез жұғатын жұқпалы аурулардың бірі. Қызылшаға қарсы иммунитеті жоқ адамдардың саны неғұрлым көп болса, әрбір адамның ауруды жұқтыру қаупі соғұрлым жоғары болады.

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі – вакцинация.

Республикада қызылшаның өршуіне байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 7 қаулысы шығарылды.

Қаулы негізінде қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау (бұдан әрі – ҚЖИ) келесі топтарға жүргізіледі:

  • 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар:
  • қызылшаға қарсы вакцинациялау мәртебесіне қарамастан 2  жастан 4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балалар:

Қызылшаға қарсы профилактикалық иммунизациясы жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері вакцинацияланатын адамның немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) жазбаша түрде ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. ҚЖИ қаланың барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде (таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін) демалыссыз тегін дені сау адамдарға жүргізілуде. Айта кетейік, бұл дертпен ауырған адамға вакцина салынбайды.