Шымкентте тұмауға қарсы егу жұмыстары 30 қарашаға дейін жалғасады

26

 

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы.

ЖРВИ/тұмау клиникасының көріністері ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болатын жұқпалы ауру.

ЖРВИ/тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – тұмауға қарсы егу.
Тұмауға қарсы халықтың келесідей осал топтары егіледі:

медицина қызметкерлері;
медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар;
ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен сәбилер үйлерінің балалары;
қарттар үйлерінің контингенттері;
2,3 триместрдегі жүкті әйелдер;
эпидемиологиялық көрсетіліммен.

Тұмауға қарсы егу егілушінің немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі ақпараттық келісіммен дені сау кезінде тегін тіркелген емханада жүргізіледі.

Еске саламыз, Шымкент қаласында тұмауға қарсы егу жұмыстары жалғасуда.
Тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың 12,0% жететін «Гриппол+» вакцинасы (Ресей өндіруші) алынды. Егу осы жылдың 2 қазанынан бастап бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде салынуда.

 Ә. Төлебаев, Шымкент қ. СЭБД басшысы