Жөртөледе орналасқан кафеде өрт шықты

155

Шымкентте «Север» сауда үйінің жертөлесінде орналасқан «Низам» кафесінде өрт шықты. Оқиға кеше, 23 қараша сағат кешкі уақытта болған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу жеткен. Өрт сөндірушілер кафенің асханасынан ғимараттың сыртқы қабырғасымен жүргізілген түтін сорғышының ішінде май қалдықтары түтеп, бықсығандығын анықтаған.

Қызыл жалын сағат 19.20-да оқшауланып, 19.24-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнына 4 өрт сөндіру техника ме жеке құрамнан 16 адам жұмылдырылды.