«Әйелім босанайын деп жатыр»: Шымкент полицейлері түркістандық ерлі-зайыптыға шұғыл көмек көрсетті

164

Бәйдібек би- Төлеметов көшелерінің қиылысында қызмет атқарып тұрған 881 автоэкипаж қызметкерлерінен белгісіз ер адам көмек сұрады. Өзін Түркістан облысының тұрғымын деп таныстырған ол көлікте әйелін толғақ қысып, босанғалы жатқанын жеткізді.

Қарбалас сәтке тұспа-тұс келген ерлі-зайыптылар қаланы мүлдем білмейтінін айтқан. Жедел-жәрдем шақырса уақыт жоғалтатынын бірден түсінген полицейлер, көлікті сүйемелдеп алып жүру арқылы Нұрсәт мөлтек ауданындағы перзентханаға жеткізді.
— Қиын кезде қол ұшын созған полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Келіншегім мен баламның өмірін бір қауіптен аман алып қалды. Біреудің басына түскен іске бей-жәй қарамай, адамгершілік танытқандарыңыз үшін рахмет – деп, ризашылығын білдірді болашақ әке.
Ал, азаматтарға қол ұшын созған Умералиев Мұсахан мен Жазықбай Бақберген мұндай жағдай кез-келген адамның басына түсуі мүмкін екенін және қолдан келсе көмектен аянып қалмайтынын жеткізді.