Биыл Шымкентте ең жиі қойылған 10 есім белгілі болды

414

Шымкенттегі ең танымал 10 есім қандай? «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы шымкенттіктер арасындағы ең танымал есімдер рейтингін жасады.

Биыл үздік бестікке Ясин, София, Айрис, Айым және Медина деген қыздар есімдері кірсе, ер балалар арасында Мұхаммед, Тауман, Мансур, Әбубәкір және Ибраһим есімдері еніп отыр.

Айта кетейік, туу туралы куәлікке өтінімді онлайн режимінде және ХҚО арқылы беруге болады. Жыл басынан бері қалада 38 мыңнан астам куәлік берілді.

«Ата-ана атанған азаматтар туу туралы куәлікке тапсырысты өз бетінше проактивті түрде де және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да бере алады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі», – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының директор орынбасары Қайрат Меңлібеков.

Жалпы жыл басынан бері қалада 30 мыңға жуық ата-ана туу туралы куәлікті онлайн форматта рәсімдесе, ХҚО арқылы куәлік алуға 8 мыңнан астам өтінім берген.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өткен болатын. Дегенмен некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ, шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ мамандарымен жүзеге асырылады.

(Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК Шымкент қ. филиалы баспасөз қызметі)