Кеше 13 желтоқсанда орын алған жағдайға қатысты Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметімен хабарластық. Ресми жауапты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
13.12.2023 жылы қатты желдің салдарынан (25-30 м/с) Кентау қаласында электр энергиясы сөніп, коммуналдық салаларда бірқатар проблемалар орын алды. 13.12.2023 жылы сағат 19.35-те жылу орталығында (ТЭЦ-5) электр энергиясы сөнуі себебінен, қазандықтардың жұмысы тоқтаған болатын. Сағат 19.41-де қайта қосылып, қазіргі таңда 4 қазандық штаттық режимде жұмыс атқарып тұр.
Қаланың кейбір аумақтарында қатты желдің салдарынан сөнген абоненттердің электрэнергиясын қосу жұмыстары жүргізілуде.