Шымкентте екі есірткі курьері аса ірі мөлшердегі мефедронмен ұсталды

Оларды әкімшілік аумақты аралау кезінде Тұран АПБ-ның учаскелік инспекторлары анықтады. Гараждардың жанында тұрған Hyundai Accent жолаушысы есірткі монодозаларын ашып отырған жерінен қолға түсті.

Көлік іші және жүк салғышынан полицейлер марихуана мен мефедрон салынған 52 ораманы тапты.
Дәл сол жерде сақшылар жасырын орындарға есірткі қоюға кеткен жүргізушіні ұстады. Ол «синтетика» салынған 5 пакетті тығып үлгерген, психотроптық заттар тәркіленді.
Екі дос автокөлікті заңсыз жұмысы үшін жалға алғаны анықталды.
Олар әр орамадан есірткінің аз-маз бөлігін жеке тұтынуы үшін алып қалуды ұйғарғаны белгілі болды. Бұл іспен көлікте қалған жігіт айналысып отырып, полицияға ұсталған.
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу жайты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен тергелуде. Күдіктілер қамауға алынды.